
Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұжымымен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, заңнамаға енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңнама аясында туындайтын жауапкершілік пен оның салдары жөнінде түсіндірме жасады.
Кездесу соңында қоғамда парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсірілген әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/994975?lang=kk
Жауап қалдыру