
Іле ауданы мәслихатының ұйымдастыруымен «ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН ТИІМДІ ҮЙЛЕСТІРУ» тақырыбында Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдеріне және жауапты мамандарға арнайы семинар өткізілді.
Семинарда жергілікті қоғамдастық жиналысының жұмысын жандандыру, жергілікті атқарушы органдар арқылы айыппұл салудың тәртібі туралы, төртінші деңгейдегі бюджет шығыстарын бағыт бойынша жүзеге асырылуы туралы мәселелер қаралды.
Аталған семинарға Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдері және сала бойынша жауапты мамандар қатысып, сұрақтарына жауаптар алды.
Семинарда ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің аға прокуроры Нұрсәлиев Нұрқанат Бағдатұлы және ауданның тиісті бөлім басшылары қатысып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-ile/press/news/details/995389?lang=kk
Жауап қалдыру