13-15 мамыр аралығында Алматы облысының аумағында «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
– Іс-шараның негізгі мақсаты – алаяқтыққа қатысты қылмыстардың және осы саладағы өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу және болдырмау. Акция аясында халық арасында түсіндіру жұмыстары, тексерулер, сондай-ақ интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың деңгейін төмендетуге, азаматтардың қырағылығын арттыруға және олардың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған өзге де алдын алу шаралары жоспарланған, – деп хабарлады киберполиция қызметкерлері.
Әсіресе халықтың әлжуаз топтарына – қарттар, жастар мен ауыл тұрғындарына ерекше назар аударылады. Полиция қызметкерлері кездесулер өткізіп, жадынамалар таратып, азаматтарға алаяқтардың құрбанына айналмау жолдарын түсіндіреді.
– Азаматтарды сақ болуға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге және алынған ақпаратты әрқашан ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырамыз. Бұл іс-шара өңірдегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі кешенді шаралар аясында өткізілуде, – деп түйіндеді ведомствода.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/996403?lang=kk
Жауап қалдыру