НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРІКМЕНСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРІКМЕНСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

✔️Түркістанда облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Түрікменстан Президенті жанындағы Арқадаг қаласының құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Дерьягельды Оразов пен Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов бастаған Түрікменстан Республикасының делегациясы кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы айтылды.

✔️Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың перспективасын, білім беру және тәжірибе алмасу бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнату жолдарын талқылады.

📌– Түркі елдерінің астанасы Түркістан қаласына қош келдіңіздер. Бүгінгі кездесуде Түркістан облысы мен Түрікменстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты талқылауға жақсы мүмкіндік бар. Түркістан облысымен Түрікменстан Республикасының өңірлері арасындағы екі жақты ынтымақтастығының дамуы өте маңызды екенін атап өткім келеді. Алдағы уақытта екі ел арасындағы екі жақты ынтымақтастығымыз одан әрі дамитынына сенемін, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

✔️Облыс әкімі Түркістан облысында шетелдік компанияларының өндірістерін ұйымдастыру үшін индустриалды аймақтар және дайын ғимараттарды жеңілдетілген шарттармен жалдау немесе сатып алу құқығымен берілетін Шағын өнеркәсіптік парктер бойынша толық мәлімет берді. Сондай-ақ терең өңдеу өндірісін ұйымдастыру үшін инвесторлар салықтардан, кедендік төлемдерден босатылатын «TURAN» арнайы экономикалық аймақтың жұмыс жасап тұрғанын жеткізді.

✔️Кездесу нәтижесінде тараптар жаңа бастамаларды іске асыруға дайын екендерін білдіріп, Қазақстан мен Түркменстан арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

✔️Өткен жылдың қорытындысымен екі жақты тауар айналым көлемі 26,5 млн. АҚШ долларын құрады (импорт $20,1 млн, экспорт $6,4 млн.)

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____

НУРАЛХАН КУШЕРОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ДЕЛЕГАЦИЕЙ РЕСПУБЛИКИ ТУРКМЕНИСТАН

✔️В Туркестане состоялась встреча акима области Нуралхана Кушерова с председателем государственного комитета по строительству города Аркадага при президенте Туркменистана Дерьягельды Оразовым и Чрезвычайным и Полномочным Послом Туркменистана в Республике Казахстан Батыром Реджеповым. В ходе встречи была подчеркнута важность укрепления дружественных отношений между двумя странами и двустороннего сотрудничества между Казахстаном и Туркменистаном.

✔️Стороны обсудили перспективы отношений в торгово-экономической, культурно-гуманитарной сферах, пути активного сотрудничества по обмену знаниями и опытом.

📌 – Добро пожаловать в Туркестан, столицу тюркских стран! Развитие двустороннего сотрудничества между нашей областью и регионами Туркменистана очень важно. Уверен, что сотрудничество между двумя странами будет только укрепляться, – сказал аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров.

✔️Глава региона рассказал гостям об индустриальных зонах для организации производств иностранных компаний и малых промышленных парках, где на льготных условиях предоставляются земельные участки с правом аренды или возможность приобретения готовых зданий. Также для организации производства глубокой переработки действует специальная экономическая зона «TURAN», которая освобождает инвесторов от налогов и таможенных платежей.

✔️По итогам встречи стороны выразили готовность к реализации новых инициатив и подчеркнули важность укрепления двусторонних связей между Казахстаном и Туркменистаном.

✔️По итогам прошлого года объем двустороннего товарооборота составил $26,5 млн (импорт – $2 20,1 млн, экспорт – $6 6,4 млн).

Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/996402?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді