Астаналық Аятжан Әмірханов таэквондодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында 10-14 мамыр аралығында таэквондодан (WT) жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 87 елден 811 спортшы қатысты. Айтулы бәсекеде ел намысын Астана қаласының 5 спортшысы қорғады. Олардың арасында бір спортшымыз жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Атап айтқанда, 57 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Аятжан Әмірханов финалдық бәсекеде ирандық спортшы Парша Хоушиарға жол беріп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таэквондодан (WT) әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/995942?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді