Business.ehbek.kz порталында 2025 жылғы 21 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Business.ehbek.kz порталында 2025 жылғы 21 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Абай облысы бойынша бірінші лекте 102 адамға грант беру жоспарлануда.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.

Гранттың мөлшері 400 АЕК-ті (1 572 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін қажет:

  • Порталда тіркелу;
  • Грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
  • Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алу, оны толтыру және порталға енгізу;

Өтініш нысанын толтыру және электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦК) кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған грантты алуға үміткер бола алады:

– тіркелген жұмыссыздар;

– жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс).

Гранттарды келесі санаттағы азаматтар ала алады:

  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар;
  • 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасылар;
  • асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақы алушылар;
  • қоныс аударушылар;
  • қандастар.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-social/press/news/details/996835?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді