
ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы облысы бойынша өкілі Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызы 2025 жылдың 14 мамыр күні Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің «№70 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесіне барып, онда жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауда сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығы бойынша сұрақтар айтылды.
Аталған сұрақтарға байланысты заңға сәйкес түсіндірмелер берілді, сонымен бірге заңнама талаптарына сәйкес шешімдер қабылданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/995721?lang=kk
Жауап қалдыру