Қала емханасындағы «Жастар денсаулығы орталығының» қызметімен танысу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Байдуллина А.Ж. өкілдің жанындағы сарапшылар кеңесінің мүшесі, «Ақтөбе облысының әйелдер аграрлық одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Е.Ж.Шукуровамен бірге Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесе өткізілгелі жатырған дөңгелек үстелге ұсынылатын материалдарды пысықтау және жалпы  репродуктивті жастағы әйелдер мен жыныстық жетілу кезіндегі қыз балалардың денсаулығының мәселелерін анықтау үшін Ақтөбе қалалық №6 емханасының «Жастар денсаулығы орталығының» қызметімен танысты.

Мониторинг барысында өкіл мен сарапшы емхананың бас дәрігері А.Ж. Жанабаевпен, бейінді мамандарымен кездесіп, қордаланған мәселелерді талқыланды.

Мониторинг қорытындысы бойынша «Репродуктивті жастағы әйелдер мен жыныстық жетілу кезеңіндегі қыздардың денсаулығына қатысты мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстелге сарапшы баяндамасы жасақталатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/995720?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді