Сібенің үшінші көлі – Шалқарда жазғы туристік маусымның ашылуы өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17 мамыр күні Шалқар көлінің жағажайында жазғы туристік маусым ашылады.

Бағдарламада: көңілді концерт; спорттық ойындар мен садақтан оқ ату; атпен, түйемен және баггимен серуен;  4-көлге жаяу жорық, «TOR ALTAI» демалыс орнына экскурсия және «Өмір соқпағы» арқылы қызықты өрлеу.

Одан өзге, «Аблайкит» археологиялық кешеніне джип-тур және зерттеуші Б.В. Щербаковтың ерекше таныстырылымы болады. Қазақтың бай мәдениетін, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарын тамашалайтын этноауыл бой көтеріп, қолөнершілердің туындылары, ұлттық әшекейлер мен кәдесыйлардан шеберлер жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.

Ал кештің шарықтау шегі – жұлдызды аспан астындағы би кеші.

Басталуы: сағат 10.00-де.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/996458?lang=kk