
ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д. Малахов бекіткен Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2023 жылдан бастап шығарылып келе жатқан «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы жаңғыртылды.
Дизайн мен құрылым толығымен жаңартылды, журнал туралы ереже қайта қаралып, еліміздің жетекші ғалымдарының қатысуымен редакциялық кеңес пен редакциялық алқаның жаңа құрамы қалыптастырылды.
Сонымен қатар Open Journal Systems платформасында журналдың ресми сайты іске қосылды, ол мақалаларды іріктеудің ашықтығын, авторлармен және рецензенттермен жедел байланысты және өзара әрекеттесудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» – бұл заң және сот төрелігі саласындағы негізгі тенденцияларды көрсететін заманауи, қолжетімді және өзекті ғылыми басылым.
Биыл наурыз айында жаңартылған бірінші нөмірдің шығуы журнал тарихындағы жаңа кезеңнің басталуын айқындады.
Бұрын басылым форматы заманауи талаптарға сай келмесе, бүгінгі таңда жүргізілген реформалардың арқасында журнал кәсіби диалог үшін ашық толыққанды ғылыми платформаға айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/995903?lang=kk
Жауап қалдыру