Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету: Алматы облысындағы демалыс аймақтарын тексеру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 14 мамырда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, Қонаев қаласының кәсіпкерлік бөлімі, Қонаев қаласының прокуратурасы, Қонаев қаласының полиция басқармасы, Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінен құралған топ жаз мезгілінде шомылу және шомылу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында су көліктерімен демалыс аймақтарын шолып шықты. Олар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарын демалыс аймақтарының иелеріне жеткізді.

Іс-шара жазғы демалыс кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

 Алматы облысы ТЖД баспасөз қізметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/995867?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді