Ағымдағы жылдың 19 мамырында Өскемен қаласында Ауежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталатын болады. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысын жабу бойынша шаралар қарастырылған.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/998085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді