
Қоржынкөл көлінде екі балықшы резеңке қайықпен балық аулауға көлге шығып, желдің салдарынан жағалауға өз бетінше жете алмай, 112-ге көмек сұрады. Оқиға ШҚО Ұлан ауданында орын алды.
Көмекке құтқарушылар келіп 1973 және 1975 жылы туылған екі ер адамды жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Қатты жел кезінде қайықпен суға шықпауларыңызды сұрайды.
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмеріне хабар беріңіздер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/998086?lang=kk
Жауап қалдыру