
Аудан әкімі М.Мұхтаров «Amanat» партиясының аудандық филиалында жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға жазылған тұрғындар сұрақтарының басым көпшілігі тұрғын үй, білім бөлімі бағыттары бойынша болды. Өз кезегінде аудан басшысы әр тұрғынның өтініштеріне баса назар аударып, олардың шешілу жолдарын жауапты мекеме басшылары мен әкім орынбасарларымен талқылап, жұмыс жоспарына алды. Сондай – ақ, кейбір мәселелер қабылдау барысында оң шешімін тапты. Айта кету керек, аудан орталығындағы тұрғындар өз мәселелерін филиал ғимаратына келіп жеткізсе, шалғай кенттер мен ауылдық округтердегі тұрғындар ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/997163?lang=kk
Жауап қалдыру