ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ

Кентіміздегі Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде кент жастары мен Аудандық “Денешынықтыру және спорт” бөлімі және кент жастарының ұйымдастыруымен Ұлы жеңістің 80 жылдық мерейтойының қарсаңына орай волейболдан  Жақсықылыш кентінің белгілі спортшылары А.Сагиданов пен Б.Алниязовты еске алуға арналған қалааралық турнир өткізілді. Тартысқа толы жарысқа Қызылорда облысы аудандарының және Ақтөбе облысының волейбол құрамасымен барлығы сегіз команда қатысып, бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды “Байқоңыр” , ІІ орынды “Ақтөбе” құрамасы және І орынды “Жақсықылыш” командасы иеленіп жеңімпаз атанды. Сонымен қатар жарысқа келген қонақтар мен кент тұрғындарына арнайы шатыр тігіліп, бақилық болған спортшыларымызға құран бағышталып, ас берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-zhaksyqylysh/press/news/details/997182?lang=kk