Барлық мүдделі ведомстволардың қатысуымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына күдікті тіркелуі бойынша оқу-жаттығу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҮГІН, 16 мамырда,  Қарағанды қаласының №5 емханасы базасында оқу- жаттығулары өтті. Бірлескен оқу-жаттығу Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Қарағанды облысы “ҰСО” ШЖҚ КМК филиалы, ҚО ДСБ “Қарағанды қаласының №5 емханасы” КМК және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Аңыз бойынша, оңтүстік аймақтардың бірінде демалып, кене шағып алған,  қызбаға шағыммен пациент емхананың «сүзгісіне» келген.

Тексеруден кейін дәрігерлер науқаста Конго-Қырым геморрагиялық безгегіне (ККГЛ) күдіктенді, бұл қызба, айқын интоксикация және терідегі және ішкі ағзалардағы қан кетулермен сипатталатын жұқпалығы өте жоғары ауру. Инфекция көзі – ауру адам немесе аурудың тасымалдаушысы. Инфекцияның тасымалдаушылары – кенелер.

Оқу-жаттығуға қатысатын барлық қызметтер барынша жұмылдырылды. Алгоритмге сәйкес қызметтер шұғыл хабарламалар алды, оқиға  орнына дәрігер-инфекционист, Қазыбек би атындағы ауданның санэпидбақылау басқарма қызметкерлері, полиция, дезинфекторлар, жедел жәрдем бригадасы келді.

Оқу-жаттығу барысында іс-қимыл алгоритміне сәйкес барлық қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді және тұрғындар арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының күдігін тіркеуге байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, емдеу-профилактикалық ұйымдардың және басқа да мүдделі қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/997481?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді