Синтетикалық есірткі жеткізу арнасы жойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен полиция Департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордаға синтетикалық есірткі жеткізу арнасын анықтап, жойды.

   Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олар Достық шағынауданындағы пәтерлердің бірінде психотроптық заттарды жасырын өндірумен айналысқан.

    Тінту барысында есірткі жасауға пайдаланылған заттар – химиялық реактивтер, электрплиталар, пластик және шыны ыдыстар, вакуумдағыш, бояғыштар және басқа да құрамдас бөліктер тәркіленді. Сонымен қатар, таратылуға дайын 5 килограмнан астам синтетикалық есірткі заты анықталып, тәркіленді.

    Күдіктілер есірткіні дайындауда «суық қайнату» деп аталатын жаңа әдісті қолданған. Бұл – жоғары температура қолданбай, химиялық реакциялар арқылы жүзеге асырылатын тәсіл. Аталған әдіс аса қауіпті болып саналады.

    Есірткі құралдарының таралу арналарының жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасуда.

#Заң_мен_Тәртіп

Астана қаласының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/997480?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді