ХАБАРЛАНДЫРУ !
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығы ұлы ойшыл және ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай 2025 жылғы 18–21 маусым аралығында Халықаралық «Абай оқулары» шығармашылық байқауын (Семей қ.) ұйымдастырады.
Байқаудың негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиетке қызығушылығын арттыру.
«Абай оқулары» байқауына білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің 8-11 (12) сынып оқушылары қатыса алады.
Әр командада 5 оқушы және 1 жетекші болуы тиіс.
Өткен жылдары жеңімпаз немесе жүлдегер болғандар бұрынғы секцияда қайта қатыса алмайды. Олар бұрынғы номинациясымен сәйкес келмейтін бағыттарға өтінім беріп, байқауға қатыса алады.
Байқау 5 номинация:
- «Абайдың асыл мұрасы»;
- «Абайдың ақын шәкірттері»;
- «Әнді сүйсең менше сүй»;
- «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»;
- «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» бойынша өтеді.
«Абай оқуларының» жеңімпаздары мен жүлдегерлері бекітілген өлшем бойынша анықталады және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, тиісті алтын, күміс, қола медалдарымен, сондай-ақ «Дарын» орталығының дипломдары және грамоталарымен марапатталады.
Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Байқауға қатысушының жол шығыны жіберуші тарап есебінен төленеді.
Iлесіп жүретін жетекшілердің іссапар шығындары (жол шығындары, жатын орны мен тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен төленеді.
Команда жетекшілері қатысушылардың Байқау өткізілетін жерге барар жолда, оның өту барысында және тұрғылықты жеріне қайтар жолда өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жауапты.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 308 кабинет, тел: +7 (7172) 57-65-63, е-mail: info@daryn.kz.
«Абай оқулары» байқауының шарттары және ережесі туралы толық ақпаратты www.daryn.kz сайтынан алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/997169?lang=kk
Жауап қалдыру