
Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Тараз қаласы санитариялық-карантиндік бақылау мамандары әуе кемесі бортында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдігі бар жолаушы анықталған жағдайда іс-қимыл алгоритмін пысықтау мақсатында жоспарлы оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — әуе кемесі бортында аса қауіпті инфекция анықталған кезде экипаждың, санитариялық-карантиндік қызметтің, медициналық қызметтердің және әуежайдың жедел әрекет ету топтарының бірлескен іс-қимылдарын пысықтау.
Іс-шараға әуе кемесінің экипаж мүшелері, санитариялық-карантиндік пункт қызметкерлері, әуежайдың медициналық қызметі мен шұғыл әрекет ету топтары қатысты.
Оқу-жаттығу барысында келесі іс-қимылдар пысықталды:
- Шартты науқасты жолаушылардан оқшаулау;
- Санитариялық-карантиндік қызметке жедел хабарлау;
- Жеке қорғаныс құралдарын қолдану;
- Жолаушылар мен экипаж мүшелеріне эпидемиологиялық бақылау орнату;
- Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Жаттығу барысында барлық қатысушылар жоғары кәсіби дайындық пен үйлесімділікті көрсетті. Қойылған міндеттер толық көлемде және уақытында орындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/997170?lang=kk
Жауап қалдыру