2026 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша 4 жоба іске асырылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Халық қатысатын бюджет» жобасын қала аумағында іске асыру мақсатында, Тараз қаласы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде, қала аумағын көркейтуге және дамытуға арналған өтінім – жобалары, қала әкімінің ресми сайтында «Халық қатысатын бюджет» электрондық парақшасында тиісті критерийлер бойынша қабылданды.

Қала әкімдігінің ресми сайтына тұрғындар тарапынан жалпы 17 жобалық ұсыныстар келіп түсті. Сараптамалық кеңестің хаттамасына сәйкес, критерийлерге сай келетін жобалық ұсыныстар әкімдіктің ресми сайтында тұрғындар тарапынан дауысқа салынды.

Әкімдіктің интернет-ресурсындағы тұрғындардың дауыс беру нәтижесіне байланысты және сараптамалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлерін ескере келе, төмендегі жобалар іріктеліп, іске асыру жөнінде ұйғарым қабылданды.

*Жамбыл даңғылы, №16/3 үй балалар ойын алаңшасы және көше тренажер алаңын салу;

*Оңтүстік көшесіне футбол алаңшасын орнату;

*«Аса» шағын ауданы, №10 үйдің алдында балалар ойын алаңын салу және абаттандыру;

*«Астана» шағын ауданы, №9, 10, 11, 12 және 30-үйлердің ауласына футбол және жаттығу алаңдарын орнату.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/998469?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді