Хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 қазандағы                          №778 қаулысына және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің                       79-4 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі       (бұдан әрі – ҰЭМ) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізеді.

Жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны Тізілімге қосуға өтініштерді (бұдан әрі – өтініш) қабылдау тоқсан сайын күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың                   1-ден 15-не дейін жүзеге асырылады.

Тізілімді жүргізу қағидаларының (ҚР 2023 жылғы 17 шілдедегі №140)                                  3 – тармағына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) Тізілімге қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнайы комиссияның (бұдан әрі – Арнайы комиссия) өтініштерді қарау қорытындылары бойынша облыстардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтер негізінде ҰЭМ жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтініштерді қабылдау жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша елді мекенде жүзеге асырылады. Кезекті қабылдау 2024 жылғы                1-15 маусым аралығында жүзеге асырылады.

      Анықтама телефоны: 22-1-70

 

“Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі” ММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/997645?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді