Кәсіби диалог: Less Study оқуды қалай өзгертеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Павлодар қаласы мен Павлодар облысы мектептерінің педагогтары мен ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша басшылардың орынбасарлары қатысты.

Қарағанды және Павлодар қалаларының педагогикалық шеберлік орталықтарының спикерлері Lesson Study тәсілін қолданудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Лицей-мектебі мұғалімдері Lesson Study әдісін қолдана отырып, қазақ тілі, ағылшын тілі және тарих пәндерінен ашық сабақтар өткізді. Сабақтардың екеуі Zoom платформасы арқылы Қарағанды мен Павлодардан қатысушыларды қосумен онлайн форматта өтті.

Іс-шараның екінші бөлімінде мектеп педагогтары педагогикалық шеберлік орталықтарынан шақырылған жаттықтырушымен бірге бірқатар шеберлік сабақтарын өткізді

Ашық сабақтар мен мастер-кластарға қатысқан қатысушылардың пікірлері бойынша әдістемелік ивент тәжірибе алмасуға және педагогикалық шеберлікті одан әрі дамытуға ықпал ете отырып, жоғары кәсіби деңгейде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/997646?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді