
Бүгін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Темірханованың төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысты.
🗣 Кеңес барысында 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты негізгі мәселелер талқыланды.
🔎 Іс-шараға БҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зәуре Гумарова қатысып, оқу процесінің сапасына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.
Бұл кездесу білім сапасын арттыруға, оқу жылының сәтті қорытындылануына бағытталған маңызды алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/997636?lang=kk
Жауап қалдыру