
Жайлы мектептердің құрылысын мониторингілеу аясында бүгін Департамент басшысы Таласбаева Гүлнар Темірболатқызы «Береке» шағын ауданындағы600 орынға арналған мектептің құрылыс нысанын аралады.
«Единство» ЖШС құрылыс компаниясы директорының орынбасары Андрей Владимирович Калиничевтің айтуынша, нысанда 114 адам және 11 техника түрі жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда жұмыс түрлері бойынша жұмыстар 75% орындалды. Ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары қалды. Инженерлік желілердің барлығы жүргізілді, желдету жүйелеріне жұмыстары жасалануда. Нысанды жұмыс кестесі бойынша тапсыру ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/997635?lang=kk
Жауап қалдыру