

Сотталғандардың құқықтарын бұзу туралы шағымдар дәстүрлі түрде ең көп түсетін өтініштер қатарына кіреді. 2024 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өкілдеріне 1181 өтініш келіп түсті.
№66 мекемесінде азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, камералар араланып, тергеу-қамауға алынғандармен, сотталғандармен әңгімелесу жүргізілді.
Мекеме басшылығымен бірге ұсталған адамдарды тамақпен қамтамасыз ету, құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Жазаны орындау жүйесі одан әрі жаңғыртуды қажет етеді, бұл ретте халықаралық стандарттардың сақталуына, медициналық және тұрмыстық қамтамасыз етуді жақсартуға, сотталғандарды еңбекке және әлеуметтік бейімделуге ынталандыруға баса назар аудару қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/997454?lang=kk
Жауап қалдыру