
Астана қаласында өтіп жатқан Парадзюдо бойынша Әлем чемпионатында Нұрдаулетұлы Аслан 70 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, командалық есепте Әлем чемпионы атанды.
Аслан бұл сында әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен қатысқан 25-тен астам қарсыласымен белдесіп, жоғары шеберлік пен мықты дайындықтың нәтижесін көрсетті.
Бұл жеңіс – спортшыларымыздың табандылығы мен еліміздің параспорт саласындағы ілгерілеуінің айқын дәлелі.
Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/997455?lang=kk
Жауап қалдыру