ШҚО халқын ауыз сумен қамтамасыз ету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 99,4%- ды (ҚР – 98,6%) құрады, оның ішінде:

– қала халқы – 99,9% (ҚР – 99,5%);

– ауыл халқы – 98,4% (ҚР – 97,8%);

– АЕМ-ді қамту – 98,6% (350-ден 345 АЕМ).

Жыл соңында дейін 4,1 мың адам (оның ішінде 3,6 мың адам ауыл халқы) сумен қамтамасыз етілмеген.

Мемлекет Басшысының 2025 жылдың соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз ету бойынша қойған міндетті орындау мақсатында, ағымдағы жылы жалпы құны 70,0 млрд. теңге болатын 31 жобаны іске асыруға 13,0 млрд. теңге (РБ7,6 млрд. теңге, ОБ5,4 млрд. теңге) бөлінді:

– АЕМ-де 3,9 млрд. теңгеге 4 құрылыс жобасы;

– АЕМ-де 6,2 млрд. теңгеге 17 қайта жаңарту жобасы;

– Қалаларда 1,9 млрд. теңгеге 6 қайта жаңарту жобасы;

– 0,9 млрд. теңгеге су бұру бойынша 4 жоба.

Халықты 100% сумен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың соңына дейін сумен жабдықтау жүйелері нысандарының құрылысы бойынша 8 жобаны іске асыру қажет (Өскемен қ. Комсомольский кенті, Катонқарағай ауылы, Отрадное ауылы, Бозанбай ауылы, Ұлан ауданы Асубұлақ кенті, Үлкен Нарын ауылы, Үлкен Өзен ауылы, Березовка ауылы Шемонаиха ауданы).

Қазіргі уақытта жұмыс кестелеріне сәйкес барлық нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-energy/press/news/details/997456?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді