
Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалык колледжінің студенттерімен «Бақытты отбасы – жарқын болашақ» атты тәрбиелік мәні зор кездесу өтті.
Кездесуге Ақтау қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы директоры Қаржаубаева Назила Мизамбековна және психологі Бигиндиков Даулет Оспанович арнайы келіп, студент жастарымызға отбасы тақырыбы аясында құнды мәліметтер берді.
Іс- шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, студенттер арасында отбасына деген құрметті арттыру, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрдің негізінде жанұяның маңызын түсіндіру болды.
Кездесу өте жылы, достық әрі рухани атмосферада өтті. Студенттер үшін бұл – адам өміріндегі ең басты байлықтың бірі – отбасы екенін ұғынуға жақсы мүмкіндік болды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/997274?lang=kk
Жауап қалдыру