
2024 жылдың қорытындысы бойынша облысқа 199 107 турист келген, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 127%-ға артқан. Олардың ішінде резиденттер саны – 195 779 адам, ал резидент еместер – 3 328 адамды құрады.
2024 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 22,95 млрд теңгені құрады, Ұлттық даму жоспарында белгіленген 14,66 млрд. теңге жоспарлы көрсеткіш 157,0%-ға орындалды.
Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде 2024 жылы 16 кәсіпкерге қолдау көрсетілді, ал ағымдағы жылы бұл қызмет 18 туристік кәсіпкерлік субъектісіне көрсетілуде.
Туризм саласына инвестиция тарту мәселесі бойынша облыс аумағында жалпы құны 17,6 млрд теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар нәтижесінде 350 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Биылғы жылы қазіргі заманғы туристердің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын 3 туристік демалыс аймағы ашылады.
Бұл — Жамбыл ауданындағы «Арзан Сити» жол бойындағы қызмет көрсету кешені мен «Таскөл» туристік демалыс орталығы, сондай-ақ Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этнотарихи кешеніндегі «Ежелгі қамал кешені».
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, облысқа келуші туристерді ақпараттандыру мақсатында туристер көп шоғырланатын жерлерге туристік ақпараттық терминалдар орнатылды. Бұл терминалдар туристерге ақпараттық-анықтамалық қызметтердің барлық ресурстарын біріктіретін қызметтер пакетін ұсынады.
Туристік ақпараттық терминалдар «Март» және «Фиркан» сауда орталықтарында, «Әулие Ата» әуежайында және «Тараз» теміржол вокзалында орнатылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-kasipkerlik/press/news/details/997275?lang=kk
Жауап қалдыру