
2025 жылы Аягөз қаласында 10 жаңа автобусты іске қосу жоспарланған. Бүгінгі күні олардың бірі қалаға жеткізіліп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында 4 автобус жеткізіліп, жолаушылар тасымалына қосылады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта аудан ішінде 8 автобус 4 бағыт бойынша тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Бұдан бөлек, ауылдар арасында — Тарбағатай, Баршатас, Ақшәулі және Сарыарқа бағыттарында — 7 автобуспен жолаушылар тасымалы жүзеге асырылып келеді.
Жаңа автобустар заманауи талаптарға сай жабдықталған және олардың техникалық сипаттамалары қалаішілік тасымалдың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Әр автобустың сыйымдылығы — 32 жолаушы, оның ішінде 18 отыратын орын қарастырылған.
Жаңа көліктердің пайдалануға берілуі қаланың көлік жүйесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетуге, жолдағы жүктемені азайтуға және экологиялық жағдайды жақсартуға оң әсерін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/997391?lang=kk
Жауап қалдыру