Кеміргіштер мен кенелерге қарсы тосқауыл дератизациясы және дезинсекция бойынша жұмыс жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылдың 10 сәуір – 10 мамыр аралығында “Ұлттық сараптама орталығы” ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалы мамандары аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарының және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінің қатысуымен туляремиямен сырқаттанушылыққа эндемиялық аумақтарда Шыңғырлау, Бәйтерек және Тасқала аудандарының аумақтарында кеміргіштер мен кенелерге қарсы тосқауыл дератизациясы және дезинсекция бойынша жұмыс жүргізілді.
Туляремия, бұл интоксикациямен, қалтыраумен, бубондық типтегі айқын лимфадениттің дамуымен және әртүрлі дене мүшелерінің зақымдалуымен жүретін адамдардың жедел инфекциялық, табиғи-ошақты ауруы.
 
Адамдар туляремия инфекциясын жұқтырған кенелердің шағуы арқылы және ауру кеміргіштермен жұқтырылған тағамдарды, суды тұтынған кезде пайда болады.
 
Тұрғындарға арналған ұсыныстар:
Табиғатқа, жазғы саяжайларға барған кезде тұрғындар өздерін кене шағудан қорғау үшін келесі ережелерді білуі керек:
– олардың киімге ену мүмкіндігін азайту үшін киіну керек;
– киімге жабысқан кенелерді анықтау үшін әр 10-15 минут сайын өзін-өзі және өзара тексерулерді үнемі жүргізу;
– шөпке тікелей отырмаңыз және жатпаңыз, өйткені бұл жағдайда кенелердің киім астына түсуі жеңілдейді;
– табиғаттан оралғаннан кейін киім мен денені толық тексеру;
– кенелер болуы мүмкін жаңа жыртылған (жұлынған) шөптерді, бұтақтарды және сыртқы киімдерді тұрғын және өндірістік үй-жайға әкелмеу;
– кенелерді болдырмау үшін арнайы құралдарды (репелленттерді) қолданыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/997392?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді