🔹️ҚҰРМАНСАЙДА ЕГІС НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Медет Ысқақов Құрмансай ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Егіс алқаптарын аралап, диқандармен жүздесіп, биылғы егіс науқанына дайындық деңгейін бағамдады.

2025 жылы Мәртөк ауданы бойынша 150 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Олардың қатарында бидай, арпа, сұлы, тары, құмай, дәнді бұршақ, күздік және майлы дақылдар, күнбағыс, мақсары, сүрлемдік жүгері, біржылдық және көпжылдық шөптер, картоп пен көкөніс-бақша өнімдері бар.

Бүгінгі күнге дейін:

Ылғал жабу — 28 551 га
Себу алдындағы өңдеу — 2 847 га
Көктемгі жер жырту — 389 га
Барлық жаздық егіс — 5 849 га;

Құрмансайдағы еңбек қарқыны – аудан диқандарының бірлікпен, табандылықпен еңбек етіп жатқанын дәлелдейді.

#Мәртөк2025 #Ауылшаруашылығы #КөктемгіЕгіс #Құрмансай

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/995270?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді