Өңірлік кадр резервінің мүшесі кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы лауазымына тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік кадр резервінің мүшесі Елубаев Нұргелді Сырымұлы Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіп бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Нұргелді Елубаев 1995 жылғы 21 қаңтарда Ақмола облысының Степняк қаласында дүниеге келген.

2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Металлургия» және «Тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2016 жылы Ақмола облысындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі -«Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамында тау-кен диспетчері лауазымынан бастаған.

Әрі қарай осы мекемеде ашық тау кен жұмыстары кенішінің карьер жолдары мен үйінділерін күтіп ұстау жөніндегі шебері, бас маркшейдер қызметінің маркшейдерлік жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы лауазымдарын атқарған.

Осыған дейін «Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамында геотехникалық қызмет мониторингі бойынша жетекші инженер-геотехник лауазымында қызмет атқарып келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/995269?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді