Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Тимирязево ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Іс-шаралар «Азат етуші жауынгер» ескерткішіне гүл шоқтары мен веноктар қою рәсімімен басталды. Аудан тұрғындары, мектеп оқушылары мен мекеме өкілдері ерлікпен қаза тапқандардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі Ерлан Жаров жиналған жұртшылыққа арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол ата-бабаларымыздың ерлігін ерекше атап өтіп, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне алғысын білдірді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан тыл ардагерлеріне медальдар, ал Жеңіске арналған аудандық өлең байқауына қатысқан балаларға дипломдар табыстады.

Мерекелік көңіл — күйді жалғастырған концерттік бағдарламада соғыс жылдарындағы әндер мен патриоттық шығармалар орындалды. Әрбір қойылымда елге, ерлікке деген құрмет пен алғыс сезімі сезілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-timiryazev/press/news/details/995268?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді