АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫНАН 13 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛДАП АЛҒАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқық қорғау органдары алаяқтық фактісі бойынша 31 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және полиция бөліміне жеткізді.

Тергеудің басталуына Исаев ауылының тұрғынының арызы себеп болды. Жәбірленушінің айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айында ол белгісіз адамға 13 миллион теңге көлемінде ақша берген. Күдікті өзін жер телімін сатушы ретінде таныстырып, учаскені рәсімдеп беремін деп уәде еткен, алайда кейін хабарсыз кеткен.

– Күдіктіге қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады облыстық полиция.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен жасалатын мұндай алаяқтық – кең таралған қылмыс түрлерінің бірі. Полиция тарапынан ауқымды алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, азаматтар әлі де осындай айла-шарғылардың құрбаны болуда.

– Полиция азаматтарды қырағы болуға, құжаттарды мұқият тексеруге және заңды кепілдіксіз бейтаныс адамдарға қомақты ақша беруден бас тартуға шақырады, – деп толықтырды ведомство өкілдері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/996425?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді