19 сәуірден бастап Алматы облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы ережелерін бұзуды азайту шараларын күшейтуге бағытталған республикалық «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
– Іс-шара аясында полиция қызметкерлері рейдтік тексерулер жүргізіп, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтауын бақылауда. Сонымен қатар, жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде – деп мәлімдеді тәртіп сақшылары.
Есептік кезеңде полиция қызметкерлері жол жүру қағидаларын бұзуға қатысты 16 339 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде 4 658 жаяу жүргінші тарапынан жасалған заңбұзушылық тіркелген.
– Бұдан бөлек, 430 автокөлік айып тұрағына қойылып, 796 көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері шешілді, – деп толықтырды облыстық департамент өкілдері.
Алматы облысының полициясы әрбір жол қозғалысына қатысушының жол жүру ережелерін сақтау міндет екенін еске салады. Жолдағы тәртіп барша азаматтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/996426?lang=kk

Жауап қалдыру