Ақтөбе облысында мүгедек адамдарды қолдаудың мемлекеттік шараларын тұрақты іске асырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Мемлекет мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мен өмір сапасын арттыруды әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты ретінде қарастырады. Ақтөбе облысында да бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша облыста 30 968 мүгедек адам тіркелген, олардың 5 538-і — балалар. Мемлекеттік қолдау аясында арнайы әлеуметтік қызметтер, оңалту техникалық құралдары мен жәрдемақылар ұсынылуда. 2021 жылдан бастап енгізілген Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедек жандар қажетті құралдар мен қызметтерді өздері таңдай алады. 2025 жылға осы мақсатқа 6,7 млрд теңге бөлініп, 21 495 адамды қамту жоспарланған. Қазірдің өзінде 8 386 адам техникалық құралдармен қамтамасыз етілді.

Қалалық және ауылдық округтерде 213 қызмет көрсету аймағы ашылып, арнайы әлеуметтік қызметтер төрт орталықта стационар және жартылай стационар негізінде көрсетілуде. Бұл орталықтарда 815 адам қызмет алып отыр.

Ақтөбе облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева бұл бағыттағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті:
«Мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, олардың қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау – біздің басты міндетіміз. Әлеуметтік қолдау тек көмек қана емес, ол – әділетті қоғам құрудың негізі», – дейді ол.

Басқарма басшысының мәліметінше биыл іске қосылған әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелердің лицензиялануын қарастыратын “Socium” бағдарламасы өз тиімділігін көрсетуде. Бүгінге дейін облыста 26 мекеме өтінім беріп, 25-і лицензия алды.

Үй жағдайында күтім жасайтын 12 мемлекеттік мекеме 383 бала мен 1 713 қарт және мүгедек адамға қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, 117 көлікпен жабдықталған “Инватакси” қызметі 827 адамға көлікпен қамтамасыз етуге көмектесті.

2023-2027 жылдарға арналған жоспар бойынша 1 318 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделмек, оның 907-сі қазірдің өзінде қолжетімді етілген. “Қолжетімді орта” порталы арқылы бақылау жүргізіледі.

Жұмыспен қамту бойынша да қолдау бар: 465 адам түрлі жұмысқа орналастырылса, “Бастау Бизнес” бағдарламасымен 107 адам оқуға жіберілді. Қосымша 13 адамға арналған жұмыс орындарына субсидия бөлу жоспарланған.

Егде жастағыларға арналған 24 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, 500-ден астам адам қызмет алып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/995854?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді