
Аягөз қаласында инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бірқатар көшелерде орташа жөндеу жүргізіледі.
Жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы – 7,1 шақырым. Қазіргі таңда аудан орталығындағы екі көшені асфальттау жұмыстары басталды. Бұл – қаладағы көлік қатынасын жақсартып, тұрғындар қозғалысын жеңілдетуге бағытталған маңызды шаралардың бірі.
Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында да жолдарды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Мұнда екі көшенің 2,5 шақырымнан астам бөлігіне жөндеу жұмыстары басталды.
Айта кетейік, бұл жобалар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. Аягөз және Абай аудандарындағы жол жөндеу жұмыстарына қаражат облыстық бюджеттен бөлінген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/995659?lang=kk
Жауап қалдыру