
Осы мақсатпен аудан әкімі Айбек Көпенов жұмыс сапарымен Оймауыт-Миялы бағытындағы жол құрылыс жұмыстарын тексерді.
Аталған бағыттағы жұмыстар KD-BA-38 “Қарауылкелді–Жарқамыс–Алтай батыр–Миялы–Оймауыт” аудандық маңызы бар автомобиль жолының 143-157 шақырым аралығында жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының мердігері – «Мерей и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс мерзімі 9 айды құрайды. Жол жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, ауыспалы кезеңмен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта көпірлер қалпына келтіріліп, жол төсемесіне қиыршық тас төселді. Нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, KD-BA-38 “Қарауылкелді–Жарқамыс–Алтай батыр–Миялы–Оймауыт” автомобиль жолының 157-171,3 шақырым аралығында да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл учаскеде де мердігер мекеме – «Мерей и К» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 5,5 ай. Бүгінгі таңда 13 шақырым жолға қиыршық тас төселді. Нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/995264?lang=kk
Жауап қалдыру