
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 14 мамырда келіп түскен хаты бойынша, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің хатына сәйкес Департамент қызметкерлеріне оқыту семинар өткізілді.
Семинар барысында Департамент қызметкерлеріне келесі ақпарат түсіндірілді:
Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, соңғы төрт айда елімізде 8 мыңнан астам интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелген.
Алаяқтар психологиялық қысым көрсету, ресми құрылымдарға деген сенімді теріс пайдалану арқылы азаматтардың цифрлық қауіпсіздік шараларының білмеуін пайдаланады.
Алаяқтар өздерін көбіне банк қызметкерлері (1 мыңнан астам), Ұлттық Банк, ҰҚК, ІІМ өкілдері (шамамен 1 мың), ұялы байланыс, пошта, курьерлік қызмет операторлары (шамамен 700), сондай-ақ энергетика, коммуналдық жəне медицина саласы ұйымдары (шамамен 500) ретінде таныстырып, азаматтарды жаңылыстыруда.
Сонымен қатар, алаяқтардың құрбанына мемлекеттік және қаржы мекемелерінің қызметкерлері де айналып жатыр. Бірқатар қызметкерлердің «WhatsApp» мессенджерінде басшылары жолдаған өтініштер бойынша алаяқтарға ақша аудару фактілері де орын алған. Алдаудың «дəстүрлі» əдістері осы күнге дейін қолданылуда.
Жоғырыда айтылған ақпаратқа қатысты, Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік мекемелердің және қаржы ұйымдардың өкілдері жеке деректерді, банктік шоттардың деректемелерін, арстаум кодтарын немесе өзге де құпия ақпаратты алу мақсатында телефон арқылы құқыққа қарсы әрекеттер туралы ақпарат бермейтіндігі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zhetisu/press/news/details/995856?lang=kk
Жауап қалдыру