
Бүгін біз 9-сынып оқушыларына есігімізді ашып, мамандық әлеміне алғашқы қадам жасауға көмектестік!
Фестиваль барысында оқушылар:
🔹 Қазіргі таңда сұранысқа ие жұмысшы мамандықтармен танысты
🔹 Интерактивті ойындарға қатысты
🔹 Дәнекерлеуші, электрик, робототехника технигі сияқты мамандықтарды тәжірибе жүзінде байқап көрді
🔹 Колледж студенттері мен оқытушыларымен жүздесті
🔹 «Мамандық таңдау – өзіңді тану жолы» атты психологиялық тренингке қатысты
✨ Көңіл-күй көтеріңкі, атмосфера – әсерлі әрі шабытқа толы болды.
Фестивальге қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Мүмкін, дәл осы күн біреудің болашақ мамандығына алғашқы қадам болған шығар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-bilim/press/news/details/994953?lang=kk

Жауап қалдыру