
2025 жылғы 2 сәуірде “Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы“ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ–283/2020 бұйрығына ( бұдан әрі – бұйрық) медициналық қызметкерлердің біліктілігін беру рәсімі бойынша өзгерістер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес санат мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін аяқталған, қолданыстағы біліктілік деңгейін қайта ресімдейтін және қолданыстағы біліктілік деңгейін растайтын медициналық қызметкерлер білім мен дағдыларды бағалаудан және кейс–тестингтен өтуден босатылады. Бұдан басқа, “Мейірбике дело“ мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі және жоғары медициналық білім алған техникалық және кәсіптік білімі бар медицина қызметкерлері үшін бұрынғы жұмыс өтілі ескеріле отырып, баламалы біліктілік санатындағы біліктілік деңгейі сақталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/994954?lang=kk

Жауап қалдыру