
⚜️Бүгін, 14 мамыр күні Қарақия ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Болашақ және Құланды ауылдық округтерінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.
⚜️Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, олардың сұрақтарына нақты жауап беру және заңды құқықтарын кеңінен насихаттау болды.
⚜️Жәрмеңкеге әкімдікке қарасты кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт және дене шынықтыру, әлеуметтік сала, экономика және қаржы, отбасын қолдау орталығы сынды салалар бойынша мемлекеттік қызметтерге жауапты мамандар қатысты.
⚜️Шара барысында пойыз ішінде, ауыл әкімдігі мен қоғамдық орындарда ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға қажетті кеңестер мен бағыт-бағдарлар берілді. Мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде алу жолдары да түсіндіріліп, электрондық платформалар таныстырылды.
⚜️Мұндай жәрмеңкелер халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/995753?lang=kk
Жауап қалдыру