
«ADAL CUP» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дебат турнирі Сәтбаев қаласында өтті.
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында және адалдық, ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын ілгерілету мақсатында Сәтбаев қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «ADAL CUP» дебат турнирі өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары мен белсенді жастар қатысып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелерін талқылады.
Турнирдің ашылуында Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов пен Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бурибаев құттықтау сөз сөйледі.
Дебатқа қаланың әртүрлі мектептерінен 10 команда қатысып, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, әділеттілік, адалдық және азаматтық жауапкершілік тақырыптарын талқылап, өздерінің аналитикалық қабілеттері мен шешендік өнерін көрсетті.
Турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:
– I орын — «БМ» фракциясы, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы;
– II орын — «Абсолют» фракциясы, Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия;
– III орын — «Аристократ» фракциясы, Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектеп.
Жеке номинациялар бойынша марапатталғандар:
– «Үздік спикер»: Нұржігіт Қожабек («Жебе» фракциясы), Биназир Рахат («БМ» фракциясы), Жадыгер Қуансеит («Абсолют» фракциясы);
– «Үздік шешен»: Әнел Жансамат («Мұрагер» фракциясы), Наргиз Қали («Заман» фракциясы), Әнел Бүкішева («Алаш» фракциясы), Мадина Ерғазы («Парасат» фракциясы);
– «Үздік аналитик»: Нұрислам Қыпшақ («Алаш» фракциясы), Айым Қылышбек («Жарқын» фракциясы), Әкерке Сұлтанбек («БМ» фракциясы), Айханым Леспаева («Жебе» фракциясы);
– «Үздік төреші»: Ақансери Сүлейменов.
Жаслан Хамитов атап өткендей, мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық білімін тереңдетуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға, сондай-ақ әділеттілік, жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге ықпал етеді, бұл қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын нығайтуға септігін тигізеді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/995754?lang=kk
Жауап қалдыру