
Мадрид қ., 2025 жылғы 12–14 мамыр – Қазақ тарапы мемлекеттік басқару саласындағы цифрлық трансформация, инклюзивті және тұрақты цифрлық шешімдерді дамыту мәселелеріне арналған GovTech 4 Impact дүниежүзілік конгресіне қатысты.
Іс-шара аясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарушы директоры Азамат Баймен Қазақстанның соңғы 20 жылдағы цифрлық трансформация бағытындағы негізгі жетістіктерін таныстырды. Атап айтқанда, 15 млн-нан астам азаматты қамтитын 1 200-ден астам электрондық қызмет, жылына 11 млрд-тан астам қорғалған API-сұранысты өңдейтін SmartBridge платформасы, проактивті қызметтерді ұсынатын eGov Mobile мобильді қосымшасы, сондай-ақ деректерге негізделген Smart Data Ukimet және Цифрлық әлеуметтік карта бастамалары атап өтілді.
Конгресс шеңберінде Мадрид автономды қауымдастығы үкіметінің Цифрландыру жөніндегі кеңесшісі Мигель Лопес-Вальверде мырзамен және Plug and Play инновациялық платформасының өкілдерімен кездесулер өтті. Кездесу барысында цифрландыру, жасанды интеллект, ақпараттық қауіпсіздік және электрондық үкімет жүйелерін дамыту салаларындағы ықтимал ынтымақтастық, сондай-ақ қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер жағдайында өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/996219?lang=kk
Жауап қалдыру