ШҚО-да ТжКБ жүйесіне арналған арнайы оқу-әдістемелік кешен мен «KASIP Times» журналы таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ШҚО-да «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» оқу-әдістемелік кешені мен ТжКБ жүйесіне арналған арнайы «KASIP Times» журналының таныстырылымы өтті.
Оған Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы ШҚОФ қолдауымен Өскемен жоғары политехникалық колледжі, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі, Өскемен құрылыс-техникалық колледжі, Өскемен қызмет көрсету және технология колледжі, Өскемен көппрофильді технологиялық колледжінің басшылары қатысты.
«Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» оқу-әдістемелік кешенінің мақсаты – колледж студенттерінің кәсіпкерлік ойлауын қалыптастыру, бизнес жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту және қаржылық сауаттылығын арттыру.
Ал үш тілде шығатын «KASIP Times» журналы жасыл экономика, цифрландыру, өндірістік оқыту, студенттердің жетістіктері туралы үздік тәжірибелерді, әдістемелік ұсыныстарды, сұхбаттар мен сараптамалық мақалаларды қамтиды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/996218?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді