ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Биахметов Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов жұмыссыз халықты жұмыспен қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстардың сапасын арттыру мәселелеріне цифрлық құралдарды тиімді енгізуге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында арнайы іс-сапармен Жетісу облысына келді.

Іс-сапар барысында вице-министр бірқатар өндірістік кәсіпорындардың қызметімен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Атап айтқанда, «Жетісу тігін фабрикасы «Айсұлу» ЖШС, «Инфраэнерго» ЖШС, «Талдыкорганкабель» ЖШС және «Алмаз-Керамикс» ЖШС-де болып, тігін, электр жабдықтары, кабель-сым және  керамикограниттік плитка өндірістерімен танысты.

Сондай-ақ, А.С.Биахметов Талдықорған қаласындағы Мансап орталығының жұмысымен танысып, облыс орталығындағы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шараларының іске асырылу барысына назар аударды.

Сонымен қатар, Жетісу облысы әкімдігінде өңірдегі инновациялық даму, инвестициялық ахуал және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша арнайы кеңес өтті. Кеңес жұмысына облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдіктері, жұмыс берушілер ұйымдары, кәсіподақ бірлестіктері мен мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің өкілдері қатысты.

Іс-сапар қорытындысы бойынша Вице-Министр өңірдегі еңбек нарығын дамыту, әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру және жұмыс орындарын ашу мәселелеріне ерекше тоқталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/995661?lang=kk