Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамыту жөніндегі Консультативтік кеңес өз жұмысын бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше Астанада Комитеттің Ұлттық сараптама орталығының базасында жаңадан құрылған Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамыту жөніндегі Консультативтік кеңестің (Кеңестің) бірінші отырысы өтті.

Кеңестің Төрағасы лауазымына Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы, Төрағаның орынбасары лауазымына Ерубаев Тоқтасын Кенжеханұлы сайланды.

Кеңес Комитет жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды және сала ардагерлерін, сондай-ақ бейінді органдар мен ұйымдардың өкілдерін біріктіреді. Кеңестің құрылу мақсаты – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге  ұсынымдарды әзірлеулеуге қатысу.

Мұндай консультативтік-кеңесші орган құру санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің әлеуетін нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады және халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мамандардың ұрпақтар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін қалыптастыратың платформасы болып саналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/996470?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді