
Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында қала мектептері мен колледждерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өтті.
Жобаның мақсаты — білім беру ұйымдарындағы қызметкерлер мен оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын анықтап, осы бағытта жастар қолға алған жобалармен танысу.
Кездесуге “Маңғыстау” жергілікті бастама орталығы ҚҚ мониторинг тобының жетекшісі Ағлен Таласбаева, «Әсер» ҚБ директоры Гүлнар Жақаева сондай-ақ ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қатысты.
– Жалпы оқушылардың сыбайлас жемқорлықтың зиянын біліп, оның алдын-алу жолдары туралы түсінігі жоғары екені байқалды, – деді “Маңғыстау” жергілікті бастама орталығы қоғамдық қоры мониторинг тобының жетекшісі Ағлен Таласбаева.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/996469?lang=kk

Жауап қалдыру