
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Садыққызы Рахматуллина жұмыс сапарымен Шортанды ауданы Дамса ауылына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.
Бүгінгі күні орталықта 46 қызмет алушы – 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз зейнеткерлік жастағы адамдар тұрады.
Шолпан Рахматуллина қызмет алушылармен кездесіп, орталықта тұру туралы сұрады. Орталық ас үйін, асханасын және мәзірді нормаларға сәйкестігін тексерді. Қолма-қол ақшаны тексеру шоттары бойынша сатып алынған заттарды тексеруді жүзеге асырды. Іргелес аумақты абаттандыруды тексерді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/994780?lang=kk

Жауап қалдыру